АҚШ-тың балалар ауруханасында ауамен жұғатын ауруға шалдыққан кішкентай науқастар саны күрт өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

ABC news телеарнасы АҚШ-тағы ауруханаларда педиатор бөлімдері соңғы екі жылда ең жоғары деңгейде толып қалған. АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаментінің мәліметі бойынша, бүкіл елде ауруханалар респираторлық аурулары бар кішкентай науқастарға толы, олар қазіргі уақытта шамамен 40 мың аурухана төсегінің 71%-ын құрайды.

Род-Айленд штатындағы Хасбро ауруханасының балалар жұқпалы аурулары бөлімінің меңгерушісі, доктор Майкл Костер қыркүйектің ортасынан қазан айының ортасына дейін ЖРВИ асқынып, ауруханаға түскен жас пациенттердің саны екі есе өскенін айтты.

«Біз 100 мильден астам қашықтықта орналасқан аудандардан келген пациенттерді қабылдаймыз, өйткені олардың жергілікті балалар ауруханасы толып немесе жабылып қалған», – деді М.Костер ABC News-ке.

Жергілікті сарапшылардың пайымдауынша, тұмаудың асқынуы ішінара COVID-19 шектеулерін жеңілдеткеннен туындауы мүмкін.

«Бізде коронавирус пандемиясымен күресудегі барлық күш-жігердің нәтижесінде тыныш уақыт болған. Яғни, бұрын жыл сайын өткеріп жүрген кейбір вирустар «оралып», қазір одан сайын күшейгенін көріп отырмыз», – деді Бостон балалар ауруханасының медициналық қызметкері Джон Браунштейн.

CDC мәліметтері бойынша, өткен аптада ғана 1674 науқас тұмаудың асқынуымен ауруханаға жатқызылды.

«Әдетте тұмау жұқтырғандар саны қарашада немесе желтоқсанда артып, ақпанда ең жоғары деңгейге жетеді. Бірақ, биыл қазанда тұмау өршіп кетті», – деді маман.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!