ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден Қызылорда қаласындағы отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Анаға тағзым» орталығының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында заманауи қазақ анасының бейнесін қалыптастыру, ұлттық тәрбиені ұлықтау, жастарға рухани-адамгершілік бағытта тәрбие беру мәселелері сөз болды.

Депутат орталықтағы «Мирас» әжелер клубы, «Бойтұмар» қыздар клубы, «Жас отау» мектебі және ұлттық брендтерді дамытуға арналған шеберханалармен танысып, орталықтың жұмысына оң бағасын берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!