Алматыда келіншекті үйінен күштеп алып шығып, көлікке көтеріп салып әкеткен екі азамат ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Қаскөйлерге адам ұрлау бабы бойынша іс қозғалды. Алматы облыстық полиция департаментінің мамандары азаматтарға кім тапсырма бергенін анықтады. Талғар ауданының тұрғыны Диана Сабазованы үйінен күштеп алып шығу үшін өзінің анасы екі жігітті жалдаған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің жүріп жаттыр.

“Жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі «Адам ұрлау» бойынша жоғарыда аталған басқарманың СДТБТ-да тіркелді. Жүргізілген тергеу әрекеттері бойынша С. есімді азамат қызын мәжбүрлеп емдеу үшін медициналық мекемеге жеткізу мақсатында екі ер адамды жалдаған”, – деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпан күні белгісіз ер адамдар келіншекті үйінен күштеп алып шығып, қаладағы наркологиялық орталыққа жеткізгені хабарланды. Онда оны екі күн күштеп ұстап, бірнеше екпе салыпты. Сол уақытта Диананы өзінің анасы келіп шығарып алған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!