Фото: gov.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркия-Қазақстан Үкіметаралық бірлескен экономикалық комиссиясының 13-отырысы аясындағы Түркия еліне жұмыс сапары барысында Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Бурак Акчапармен кездесті. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Тараптар екі ел арасындағы қатынастардың өзекті мәселелері мен ағымдағы жылға арналған жоспарларды талқылап, көпжақты әріптестікті кеңейту жөнінде пікір алмасты.

Түрік дипломаты екіжақты стратегиялық әріптестікті жоғары бағалап, өзара сенімге негізделген достық қатынастырдың көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың артуында да маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Ә. Бақаев екі елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени ынтымақтастығының қарқынды даму ерекшеліктеріне тоқталумен қатар, Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығының басымдылықтары туралы хабарлады.

Кездесу соңында сыртқы істер министрі орынбасарлары Үкіметаралық экономикалық комиссияның нәтижелі болатынына сенім білдіріп, алдағы уақытқа жоспарланған Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі 8-ші Стратегиялық жоспарлау бірлескен тобының және ел президенттері төралығында өтетін 5-ші Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің кездесулері бойынша «сағаттарын теңестіріп», екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін одан әрі дамытуға уағдаласты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!