SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кеше шығарылған апелляциялық шешімде Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман), бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенге және ҰҚК-нің бесінші департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа тағайындалған жазаны жеңілдету туралы өтініш қанағаттандырылмады.

Сот биыл қаңтарда үшеуін қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты, адам ұрлады, қаруды заңсыз сақтады деген айыптар бойынша кінәлі деп таныған еді. Алғашқы үкім күшінде қалды:

  • • Арман Жұмагелдиев – 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • • Қайрат Құдайберген – 8 жылға сотталды.
  • • Руслан Ысқақов – 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!