Азаматтар алыс – жақын шет мемлекеттерге тұрақты немесе уақытша тұруға қоныс аударып жатады. Ал шел елдерде құжаттарды қолдану тәртібі халықаралық келісімдер немесе конвенциялар арқылы реттеледі. 2001 жылдың 24 сәуірінде ҚР Үкіметінің «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №545 қаулысы қабылданды.
Бүгінде «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай – ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін толық электрондық нысанда көрсету бойынша пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу іске асырылуда.
«Е – Апостиль» ақпараттық жүйесі – құжаттарды тіркеуге және апостиль «мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай мұрағатын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Бұл ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда қызмет алу үшін тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, портал арқылы өтініш береді.
Апостиль қою үшін ұсынылған құжат сканерленген құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы жүзеге асырылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді).
Электрондық апостиль қою үшін ұсынылатын сканерленген құжат түпнұқаға дәлме – дәл сәйкес келуі тиіс, түзетулерге немесе мәтінді шимайлауға жол берілмейді.
Құжаттарға апостиль қою үшін Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығы төленеді.Оның сомасы айлық есептік көрсеткішке байланысты жыл сайын өзгеріп отырады және екінші дәрежелі банк мекемелері арқылы төленеді.
Электронды қызметтің қазіргі таңда қай салада болса да өзінің оң нәтижесін бере бастағанын ескерсек, «Е – Апостиль» ақпараттық жүйесі де алдағы уақытта халықтың көңілінен шығатынына сеніміз мол.
А.Алибекова,
Қызылорда облысы Әділет департаментінің
бөлімінің бас маманы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!