Қазгидромет 12, 13, 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел соғады.
Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, 12 шілдеде батысында жоғары қысым әсерінен күн ашық әрі ыстық болады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді.
«Күндіз еліміздің батысында 35-39°С қатты ыстық, кей аудандарда 40–42°С аптап ыстық болады. 12-13 шілдеде оңтүстік-батыста 39-44°С, ал 14 шілдеде 38-42°С ыстық болады. Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 17-25°С-тан 15-23°С-қа дейін сәл төмендейді. Шығыста температура негізінен 22-30°С шамасында болады. Оңтүстікте 40-43°С аптап ыстық, ал оңтүстік-шығыста 35-38°С қатты ыстық болады», – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!