Бүгін  «KitapTime – 2025» ІV жалпы республикалық кітап фестивалі ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шара аясында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «Өз өлкеңді таны!» атты зияткерлік сайыс өтті.
Мақсаты – өлкеміздің тарихи және мәдени ескерткіштері мен киелі орындарын, басты құндылықтарын кеңінен таныту, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрыпты насихаттау, өз өлкесін сүюге тәрбиелеу, оқырманның ізденушілік қырын ашу.
Сайысқа колледж студенттерінен құрылған командалар қатысты. Білім додасы «Шежірелі өлке», «Сыр ескерткіштері» және «Өлкенің көркем шежіресі» атты 3 кезеңнен тұрды. Әділ қазылардың шешімімен Қызылорда жоғары медициналық колледжінің командасы 1 орын иеленді. Топ құрамында «Мейіргер ісі» бөлімінің студенттері Асел Мирашева, Айым Амангелді, Әсет Жеткерген мен Нұрай Қонақбаева бар. Жеңімпаздарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Алия Маханбетжанқызы жетекшілік еткенін айта кеткен жөн.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!