Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақмола облысында күннің бұзылуына байланысты жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды KAZINFORM «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Ақмола облысында күннің бұзылуына байланысты 2 қараша сағат 19:00-ден бастап республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 180–243 шақырым аралығында көліктің барлық түрлері үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетіледі,-делінген хабарламада.
Жылдамдық режимін 2025 жылғы 3 қараша күні сағат 09:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл ауа райының тұрақтануына және қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты жүзеге асырылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!