Фото: Tengrinews.kz

Ақмола облысында 25 мамырда қар жауды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысының тұрғындары ауа райының құбылмалылығына үйренгеніп қалғанымен, мамырда қар жауады деп мүлде күтпеген. Дегенмен, табиғат әрқашан тосын сыйларға толы екені белгілі.

Мәселен, 25 мамырда таңертең Ақмола облысының Ақкөл қаласында аздаған қар түрінде жауын-шашын түсті. Ерекше құбылыс кадрларын Tengrinews.kz оқырмандары WhatsApp редакциялық нөміріне жіберді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!