Фото: «Jańa Dala / Green Day ‘2024» ақпараттық орталығы

Қазақстанда етті ірі қара мал тұқымдары арасында Ұлттық конкурстың жеңімпазы анықталды және оған жарыстың бас жүлдесі – жаңа трактор тарту етілді. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі хабарлады.

Малшылар арасындағы конкурс «Jańa Dala / Green Day ‘2024» Дала күні аясында өтті. Халықаралық қазылар алқасының шешімімен «Jańa Dala / Green Day ‘2024» «Ең күшті бұқа» номинациясында Qazaq Аqbas қазақтың ақбас тұқымының республикалық тұқымын көпшілікке ұсынған Абай облысындағы «Дәурен» шаруа қожалығының Шомбал атты бұқасы жүлде иегері болды. Шомбалдың салмағы 598 кг, туған кездегі салмағы 26 кг болған.

Абсолюттік чемпион атанған Шомбал бұқасын сол жерде аукционда Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы шаруашылықтарының бірі 1 млн теңгеге сатып алды. 

Сонымен бірге, Ақмола облысының «KazBeef» ЖШС шаруашылығынан Ангус Қазақстан тұқымынан «Stevenson» атты бұқа вице-чемпион атанып, 1-орын иегері болды. Герефорд тұқымынан Қостанай облысының «Олжа Арыстан ПК» шаруашылығынан «Стильный» атты бұқа 2-орын иеленді. 3-орынды қазылар алқасы Әулиекөл тұқымынан Қостанай облысы Москалевское ЖШС шаруашылығынан «Тополь» атты бұқаға берді.

Конкурсқа Әулиекөл тұқымының, Qazaq Аqbas қазақтың ақбас тұқымының, Қазақстанның Ангус тұқымының, Герефорд тұқымының 56 бұқасы қатысты. Конкурс көрсетіміне Қалмақ тұқымының, сондай-ақ Шароле, Лимузин, Обрак тұқымдарының бұқалары қатысқан.

Жеңімпаздарды Қазақстаннан, Ирландиядан, Шотландиядан және АҚШ-тан келген қазылар алқасының беделді құрамы – жылдар бойы ірі қара мал өсірумен айналысатын халықаралық сарапшылар таңдады.

Сондай-ақ, «Jańa Dala / Green Day ‘2024» Дала күнінде Еділбай тұқымының әр түрлі жыныс-жас топтарының асылтұқымды қойлары және Павлодар облысының «AGRO TAWA» ЖШС-нен импорттық етті дорпер тұқымдарының қошқарлары, Ақмола облысының «Сулейменов К» ШҚ дорпер, Суффолк, Шароле қойлары ұсынылды. Асыл тұқымды қойлар көрмесіне Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облысынан ШҚ қатысты. Көрме барысында Еділбай тұқымының асыл тұқымды қойларының аукционы, қошқар көтеру, жілік сындыру сияқты ұлттық ойындар өтті. Қой шаруашылығына арналған жабдықтар мен ветеринариялық препараттар, сондай ақ қойшы иттердің жұмысы ұсынылды.

«Jańa Dala / Green Day» мамандандырылған көрсетім-көрмесі – 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі Дала күні форматындағы іс-шара. Көрме заманауи ауыл шаруашылығы технологияларының, селекциялық жетістіктердің, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ мал шаруашылығы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік саласындағы инновациялық әзірлемелердің республикадағы ең ірі көрсетім алаңы саналады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!