Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады. Бұл туралы президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Оның айтуынша, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелескен.»Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті. Құрама Штаттар көшбасшысы президентке жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті», – деп жазды Желдібай.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады.АҚШ президенті мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар, деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
