АҚШ Үкіметі қазақстандықтарға виза беруден жиі бас тартатын болған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstantv-ға сілтеме жасап. 

Құрама Штаттардың мемлекеттік департаментінің есебі бойынша иммиграциялық емес, яғни туристік және іскерлік виза туралы өтінішті қанағаттандырмау дәрежесі 2024 жылы 46,29 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 42 пайыздан төмен болды.

Посткеңестік елдерде америкалық виза алу қиындығы жағынан Өзбекстан, Армения, Түркіменстан көш басында тұр.

АҚШ қазақстандықтарға виза беруден жиі бас тартатын болған

Ал Ресей, Беларусь, Қырғызстанда былтыр АҚШ-қа виза беруден бас тарту деңгейі 40 пайызға да жетпеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!