ҚазАқпарат – АҚШ Қазынашылығының жариялаған есебіне сәйкес, елдің жалпы мемлекеттік қарызы 31 триллион доллардан асты.
Конгрестің бюджеттік басқармасы осы жылдың басында Американың қарыз ауыртпалығы туралы есебін жариялаған болатын. 30 жылға жасалған болжамда айтылғандай, шара қолданылмаған жағдайда, көп ұзамай қарыздар жаңа максимумға жетіп, АҚШ экономикасына қауіп төндіруі ықтимал.
Жауапты федералды бюджет комитетінің президенті Майя Макгинестің сөзінше, америкалықтар соңғы 18 айда инфляцияның 40 жылда жеткен ең жоғары деңгейнің куәсі болды.
Лойола Мэримаунт университетінің экономика профессоры Сон Вон Сон: «Бұл елге өзінің алғашқы 1 трлн доллар үкіметтік қарызын жинау үшін 200 жыл қажет болды. Ал пандемиядан кейін қарызды әр тоқсан сайын тағы 1 трлн долларға арттырып келеміз», – деді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!