Түркістан облысы Қазығұрт ауданы полициясындағы басшы жұмыста шолақ шалбармен, майкамен жүреді. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек Facebook-парақшасында айтты, – деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Заңгер парақшасында бейнебақылау камерасындағы видеоны бөліскен. Кадрда «мекеме басшысы» деп отырған адам үш қызметкермен келе жатып өтіп бара жатқан полицейді итеріп жібереді. «Мекеме басшысы» расында шолақ шалбар (шорты – еск.) және майкамен жүргенін көруге болады.
Айгүл Орынбек бас прокурор Берік Асыловтан мекемені тексеруді сұраған.
«Жеке құрамның өздерін жинап сұрасаңыз бәрін айтып береді. «Ақша жинаудан, таяқ жеуден шаршадық», деп отыр формадағы жігіттер! Дұрыс, жігіттер, үндемей отырмаңдар, шығып айтыңдар! Білем жоғарыдағылардың құлақтары керең! Маған айтыңдар. «Әділетті Қазақстанды» бірге құрамыз!», – деп жазды заңгер.
Бұл жайтқа қатысты Түркістан облысының Полиция департаменті өкілдері жауап берді. Видеоға қатысты шұғыл түрде арнайы комиссия құрылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!