Ақтөбе облысында 200-ден аса адам қайықпен қауіпсіз жерге жеткізілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ойыл ауданы Ойыл ауылында ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар, ҚР ТЖМ 20982 ш/б күштері 234 адамды, оның ішінде 30 баланы өзеннің арғы бетіне жеткізген.
Облыс бойынша ТЖМ және ЖАО күшімен қар шығару, су ағындарын тазарту, жағалауларды нығайту, бөгеттер құру және суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілген.
«Облыс бойынша 12 100 текше метр қар шығарылды, 42 650 текше метр су сорылып, 2135 инертті материал салынған қапшық төселіп, 8 680 данасы дайындалды. Елді мекенге қауіп жоқ. Өзендегі су деңгейі төмендеп жатқаны байқалады. Жұмыс жалғасып жатыр», – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!