Фото: Instagram/@kudaibergenov.dimash

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы No 461 қаулысымен Ақтөбе қаласының бас жоспары жаңа редакциясы дайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалада бірнеше нысан пайда болатыны көрсетілген, соның ішінде Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің құрметіне «Димаш Арена», шетелдік туристерді қызықтыратын этномәдени саябақ, фольклор ауылы, «Астана Арена» сияқты олимпиадалық стадион, тағы басқа бар. Бірақ әзірге Димаштың атындағы стадионның көлемі, сыйымдылығ туралы ақпарат жоқ.

Бұдан бөлек қала тұрғындарының қозғалысын жеңілдету үшін жеңілрельсті транспорт желісі салынатыны да айтылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!