Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Ақтөбе полициясы рульге мас күйінде отырған 29 жастағы жүргізушіні тексерді. Жүргізуші сараптамадан шыға сала әйелінің көлігіне мініп алады. Ал әйел полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Оқиға кеше болғанымен, полиция күдіктіні бүгін ғана ұстады. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдік полиция қызметкері Ақтөбе қаласы көшелерінің бірінше «Lexus» маркалы көлікті тоқтатады. Сол кезде 29 жастағы жігіттің ішімдік ішкені анықталып, сараптама орталығына жеткізіледі. 

– Сараптама жүргізушінің ішімдік ішкенін нақтылады. Ер адам сараптамадан өткен соң медициналық мекемеден қашып шығып, көлікке мініп алады. Рульде отырған әйелі бірден қозғалып, күйеуімен бірге оқиға орнынан қашып кетті. Сол кезде көлік капотына жармасқан полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреген. Полиция қызметкері зардап шеккен жоқ. Ерлі-зайыпты бүгін ұсталды,- деп хабарлады Облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Дереккөз: KAZINFORM 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!