Фото: Әлеуметтік желіден
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі комиссиясы Қарағанды қаласының әкімінің айтқан сөзіне қатысты тәртіптік істі қарады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Мейрам Қожықов әлеуметтік желідегі оқырманына жауап берген. Оның жазған пікіріне қатысты іс материалдары қаралды. Бұған дейін Мейрам Қожықов желідегі оқырманына «ақылды болма» деген пікір қалдырып, сынға қалған еді.
«Тексеру барысында Қарағанды қаласы әкімінің әрекеті әлеуметтік желілерде азаматтардың сынына себеп болғаны анықталды. Анықталған фактілер бойынша комиссия әкімге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!