Сурет: Жұлдыз Көшжанованың жеке мұрағатынан
Арал тұрғыны Жұлдыз Көшжанова бір жылдан бері түйе тікенегінен шай дайындап келеді. Шамамен айына 23 кг өнімді сатады. Бүгінде емдік сусын тек Қызылордада ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де шығуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шағын кәсіптің шығу тарихы қарапайым. Білімі бойынша экономист, үш баланың анасы бала күтімінде отырып, немен айналысу керектігін зерттей бастайды. Осы кезде оның назарына «түйе тікенегі» немесе «жантақ» деп те атайтын емдік шөп ілігеді.
Аталмыш шөппен қызылордалықтар жақты таныс, ал аралдықтардың арасынан білмейтіндері кемде-кем. Бұл түйелердің сүйікті жемі, дегенмен ежелде қазақ халқы шөпті басқа да мақсаттарға пайдаланған, тіпті шәй де әзірлеген. Құпия құрам бабадан балаға беріліп келеді. Бізге де сол ізбен жетті.
«Шәйді демдеу үшін әйелдер мамыр айында гүлдеген өсімдік тікендері мен жапырақтарын жинайды. Бастысы тікенді өсімдіктен жарақат алып қалмау қажет. Жантақтың тамырында біршама пайдалы заттар бар. Мәселен: аскорбин, органикалық қышқылдар, резеңке және эфир майлары. Ол суыққа, тамақтан улануға, ревматизмге және басқа да түрлі ауруларға көмектеседі. Сондай-ақ, шаршауды басып, шөлді қандырады».- деді Жұлдыз.
Сурет: Жұлдыз Көшжанованың жеке мұрағатынан
Жұлдыздың айтуынша, жантақтан жасалған шәйді отбасы мүшелері түгел дерлік ішеді. Оны сексеуіл немесе ағаш жағып самауырда қайнатқан дұрыс. Дегенмен арнайы қайнату талаптары жоқ. Әдеттегі шәй сияқты, бірнеше қасық құрғақ өсімдікті қайнаған суға бұқтыру керек. Қалауыңыз бойынша қосымша заттар қосуға болады, бірақ сүт емес.
«Аралда өсетін түйе тікенегінен дайындалған шәйді танымал ету үшін, оны бренд ретінде қалыптастыруды ұйғардым. Дәл осы уақытта «бір ауыл — бір өнім» жобасы жарияланды. Оған қатысып, грант ұтып алдым. Жобаның арқасында енді өнімім Жапониядағы дүкен сөрелеріне түсуі мүмкін»,- деді Жұлдыз.
Жақында Қызылордада «Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік байқауы өтті. Дәл осы өнім Аралдың брендті болуға лайықтылардың бірі болды.
«Қазақтар ғасырлар бойы шай ішіп, оны өздері тұратын жерде өскен түрлі өсімдіктерден дайындаған. Олар бидай, тары, түрлі шөптер мен гүлдерді пайдаланды, мысалы, Қызылорда облысында жусан, тары, жалбыз, бидай, жантақтан шай қайнатып, шайға нават – шығыс қантын, тіпті джида жапырақтарын, сондай-ақ кептірілген жемістерді қосты», — дейді қазақи өнімдердің ескі құпияларын зерттеуші Айткүл Жүсіпбекова.
Оның айтуынша, жантақ шайы Арал өңірінде әрқашан танымал болған. Ұмыт болып бара жатқан ескі өнім, бүгінде қайта жаңғыруда. Осылайша, ол тамырын үзбек емес.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!