Қызылорда облысы Арал ауданында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 8 тамызда сағат 18:45 шамасында болған. Арал қаласындағы Абай көшесінің бойында екі автокөлік соқтығысқан.

«Тексеру барысында «ГАЗель» жүргізушісі қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВМW маркалы автокөлігімен соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасынан ВMW автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылған. Жүргізуші аудандық ауруханада қайтыс болды», – деп мәлім етті Арал аудандық полиция бөлімінен.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында көлік апатынан екі адам қаза тапты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!