Фото: DimashNews

Қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің әндері Аргентина радиостанцияларында қойылып жатыр, деп хабарлайды Dimashnews.

Биылғы жылдың мамыр айынан бастап SOS, Stranger, Golden, Your Love, Fly Away, Ikanaide, The Story of One Sky және басқа да көптеген танымал станцияның ротациясына әншінің 75 түрлі композициясы енгізілді.

Әншінің композициялары әлемнің әртүрлі аймақтарын қамтып, Libertad Digital (99.1 FM, Чако), Radio Vox (120.9 FM, Буэнос-Айрес), Patagonia Andina (93.3 FM, Эль-Больсон), Radio Ibiza (Санта-Фе), Cadena 3 (100.5 FM, Кордова) және басқалары сияқты радиостанцияларда тұрақты түрде беріліп отыр.

Димаштың әндерінің радио толқынында кең орын алуы — қазақстандық өнерпаздың жанкүйерлерінің бастамасымен мамыр айында ұйымдастырылған «Dimash on the Radio» акциясының нәтижесінде өрбіді.

Smoke, Be With Me, Weekend, Give Me Your Love, Adagio (Лара Фабианмен дуэті) және басқа тректері радио жүргізушілер мен тыңдармандардың ерекше назарын аударды. Adagio қойылымынан кейін эфирде:

— Лара бізді теңіз мен дауыс тұтасқан Карузо мифіне батырса, ал Димаш тек өзі ғана өмір сүре алатын шексіз пейзаждарды суреттейді. Олардың дуэті — тіпті ауырлықтың өзі мәңгілікке айналатын шексіздік, — деген жарқын пікір қалыптасты.

Дереккөз: Kazinform

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!