«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Тұрабаева өзіне қатысты жаңа басшылық тарапынан қысым көрсетіліп, жұмыстан шығаруға итермелеу әрекеттері жүріп жатқанын мәлім етті.
Жанна Тұрабаева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жұмыс процесінде бетпе-бет келіп жатқан қиындықтарды тізіп жазған. Оның мәліметіне сай, Жанна Тұрабаева іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушімен ынтымақтастық орнатудан бас тартқан. Артынша оған басшылық тарапынан қысым көресітілген.
«Басшылық менің бөлімімнің қаржылық аудитіне тексеру жүргізу бастамасын көтерді. Жақсы, бірақ менің мынадай ұсынысым бар – тексеру жүргізілетін болса, онда ол бас PR бөлімге де жүргізілсін. Атап айтқанда, Теміртаудағы қысқы фестивальді 3 есе арзан өткізуге болады. Осы қызметті көрсетуші кім дейсіз бе? Сондай-ақ, Теміртаудағы комбинат ғимаратының маңына орнатылған шырша бар. Оның құны да нарықтық бағадан 3 есе жоғары. Жария етпеу және коммерциялық құпия туралы келісімшартқа сәйкес, соманы айта алмаймын. Маған сенсеңіз, қазір ақысыз демалысқа жіберілген көптеген қарапайым еңбек адамдары қанша қаражаттың босқа жұмсалғанын білсе, ренжуі мүмкін», – деп жазды Жанна Тұрабаева.
Ол ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап бере отырып, бүгінде еңбек инспекциясы мен Қарағанды облыстық прокуратурасына арыз жазғанын айтты. Қазір тексеріс жүріп жатыр.
ҚазАқпарат редакциясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на ресми сауал жолдады
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!