Фото: Polisia.kz
KAZINFORM – Абай облысының полицейлері тұрғындарға интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырып, бірнеше кеңес берді.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы уақытта өңірде алаяқтықтың жаңа тәсілі кеңінен таралып жатыр. Қаскөйлер сатып алушыларды шектен тыс арзан бағамен қызықтырып, уақыт тығыз деген сылтаумен тауарға алдын ала төлем жасауға итермелейді.
– Алайда ақша аударылған соң олар байланысқа шықпай, тапсырыс берілген тауар мүлде жеткізілмейді. Осыған байланысты азаматтарды барынша сақ болуға шақырамыз. Сатып алу кезінде тек қауіпсіз төлем әдістерін қолданыңыз. Банк картасының деректерін, SMS арқылы келетін құпия кодтарды бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз, – делінген ақпаратта.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!