Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Қызылорда қаласының екі тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында сату мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған Қызылорда қаласының 2 тұрғыны құрықталды.

«Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде күдіктілердің мекенжайларынан жалпы салмағы 1,4 келі есірткі тәркіленді», – деп жазылған хабарламада.

Соталды тергеп-тексерістің нәтижесінде жинақталған барлық құжат, дәлелдер сотқа жолданып, соттың үкімімен күдіктілер 11 жылға сотталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!