Фото: видеодан кадр

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының м. а. тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Самұрық-Қазына» қоры мәліметіне сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін басқарма төрағасының міндеттерін атқару жүктелген», – делінген хабарламада.

Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастаған. 2006-2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарған. Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!