Ертеде бір елде Бал деген тәтті, бірақ қауіпті нәрсе болыпты. Сыртынан қарасаң — алтын түстес, дәмді, иісі аңқыған. Оны көргендер:
— «Мынаны жесең, бәрі ұмытылады, өмір жеңіл болады», — деп бір-біріне ұсыныпты.
Бірақ бұл балды жеген адамның күні қысқарып, күші азайып, ойы тұманданып кетеді екен.
Ел ішінде Ерлік деген зерек бала бар еді. Ол балды жемей, оның артынан адамдардың қалай өзгеріп бара жатқанын байқайды. Кеше ғана күлгендер бүгін үнсіз, армандағандар ертеңінен бас тарта бастапты.
Ерлік дана ұстазына барып сұрайды. Ұстаз айтыпты:
— «Бұл — ащы бал. Дәмі бір сәтке ғана тәтті, ал соңы — у».
Ерлік елге шындықты жеткізеді. Адамдар балды тастап, орнына еңбек пен білімді таңдайды. Сол сәтте бал да еріп, із-түзсіз жоғалып кетіпті.
Түйін:
Тәтті көрінгеннің бәрі бақыт емес.
Шын бақыт — таза өмірде.
Жеңісбекұлы Дидар, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылы, №188 орта мектептің 9 сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
