Қаржы мониторинг агенттігі Шымкент қаласында танымал энергетикалық сусын шығаратын жерасты цехының қызметін әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері анықталды. Сонымен қатар тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қышқылдықты реттегіштер) тәркіленген.
Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.
Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы бар.
«Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе, жас ағзаға зиян келтіреді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлайды ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!