Фото: Мухтор Холдорбевов/Kazinform
KAZINFORM – Астанадағы халықаралық әуежайда қолайсыз ауа райына байланысты 39 рейстің ұшуы мен қонуы кешіктіріліп жатыр.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келетін 23 рейс пен 16 ұшып бара жатқан рейстің уақыты өзгерген.
– Рейстердің кешігуі олардың ұшып шығу пункттерінен кеш келуіне байланысты болады. Астана әуежайындағы барлық қызмет түрі әдеттегідей жұмыс істеп, олардың келуіне қарай рейстерге уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп жатыр, – делінген хабарламада.
Жолаушыларға рейстерінің ағымдағы күйін авиакомпания өкілдерімен тексеру ұсынылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!