Астанадағы халықаралық әуежайда қолайсыз ауа райына байланысты 39 рейстің ұшуы мен қонуы кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келетін 23 рейс пен 16 ұшып бара жатқан рейстің уақыты өзгерген.

«Рейстердің кешігуі олардың ұшып шығу пункттерінен кеш келуіне байланысты. Астана әуежайындағы барлық қызмет түрі әдеттегідей жұмыс істеп, олардың келуіне қарай рейстерге уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп жатыр», – делінген хабарламада.

Жолаушыларға рейстерінің ағымдағы күйін авиакомпания өкілдерімен тексеру ұсынылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!