фото: Нұркен Алишев/архив

Air Astana Астана әуежайында FlyArystan ұшағы зақымданғанын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

2024 жылдың 5 тамызында FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтірілді, соның салдарынан ұшақ бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылды.

Атап айтқанда, әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбау салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған. Жөндеу құны айтарлықтай болғанымен, басты мәселе – оқиғаның әуекомпания кестесіне, рейстердің орындалуына кері әсер етуінде. Әуекомпания күтпеген сәтсіздікке өкініш білдіріп, жазғы маусымның басынан бері топтың Астана әуежайындағы ұқыптылық пен басқа да операциялық қиындықтарын туындатқанын хабарлайды. Air Astana Астана халықаралық әуежайдың рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!