Кейінгі кезде жолаушылар арасында кастет, пышақ, таяқша және басқа да суық қаруды анықтау деректері жиілеп кеткен. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінгі 5 жылда осындай деректер бойынша 92 адам сотталған.
«Астана қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы мен Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Елорда әуежайы аумағында суық қаруды өз еркімен тапсыру үшін арнайы жәшік орнатылды», – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес суық қаруды өз еркімен тапсырған адамның әрекетінде өзге қылмыс белгілері болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
«Бүгінде жолаушылар суық қаруды өз еркімен тапсырып жатыр», – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!