6 шілде – Астана күніне орай елордада жүзден астам түрлі бағыттағы мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәдени іс-шаралар:
- 30 маусым – 4 шілде: IV Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі. Фестиваль 4 шілдеге дейін жалғасады.
- 3 шілде Есіл жағасындағы Амфитеатрда JazzVIBE концерті – эстрадалық-симфониялық оркестр мен қазақстандық жұлдыздар қатысады.
- 4 шілде «Аялаған Астана» (Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы), «Асыл мұра» (Бейбітшілік және келісім сарайы) және көше өнеріне арналған «Астанаға арнау» (М. Өтемісов атындағы сарай) концерттері өтеді.
- 4 шілде «Жастар» сарайында «Менің мамандығым – мақтанышым» байқауы жеңімпаздары марапатталады.
- 5–6 шілде «Қалалық перформанстар фестивалі» өтеді. Елордалықтар мен қонақтарға ашық аспан астында саябақтар мен алаңдарда театрландырылған қойылымдар ұсынылады. Фестиваль қала көшелеріндегі әртістер шеруімен ашылады. Екі күндік бағдарламаға Астана, Алматы, Мәскеу қалаларынан шығармашылық ұжымдар қатысады.
- 5–6 шілде «Армандар орындалады» спектаклі алғаш рет сахналанады. Әртістермен қатар мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер сынды түрлі маман иелері өнер көрсетеді.
- 5–6 шілді Орталық саябақта «Мерекелік саябақ» отбасылық демалыс фестивалі кино, қойылым, концерт, шеберлік сағаттары жоспарланған.
- Қала саябақтары мен алаңдарында – көрмелер, кітап жәрмеңкелері, көшпелі концерттер, домбыра party өтеді.
- 6 шілде Ұлттық домбыра күніне орай Амфитеатр, Орталық саябақ және «Қазақ елі» монументінде мерекелік концерттер өтеді.
- 6 шілде «Астана-Арена» стадионы маңында елдің танымал әншілері қатысатын үлкен OPEN AIR концерті ұйымдастырылады.
- 7 шілде «Алтын домбыра» мектебінің 400 оқушысы қатысатын домбыра концерттік бағдарламасы (Амфитеатр) ұйымдастырылады.
- 8 шілде «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Елорда қонақтары мен тұрғындары мәдени іс-шаралардан бөлек спорттық жарыстарды да көре алады.
Спорттық жарыстар мен турнирлер:
- 30 маусым – 6 шілде World Boxing аясында бокстан Әлем кубогы (Жекпе-жек сарайы) өтіп жатыр. 31 елден 300-ден астам боксшы бақ сынауда. Финалдық бәсекені 6 шілде күні көруге болады.
- 2 шілде Паралимпиада орталығында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында тоғызқұмалақ және шахмат турнирі өтеді.
- 3 шілде Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы алғашқы қалалық спартакиада.
- 3–5 шілде Қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты (Beeline Arena) өтеді.
- 4 шілде Байқоңыр ауданы коммуналдық қызметкерлері арасындағы мини-футболдан турнир.
- 5 шілде Триатлон паркінде күрес түрлерін қамтитын күрес фестивалі.
- 6 шілде:һ «Қазанат» ипподромында Елорда кубогы бәйге, ұлттық спорт сайыстары (асық ату, жамбы ату, т.б.) ұйымдастырылады.
- 6 шілде: «Ақжайық» скверінде жастар арасында «Елордалық батл» би сайысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!