Фото: Pixabay
3 сәуірде Астанада және еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Астанада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсуі ықтимал. Жезқазғанда да түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Алматы облысының шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте күндіз найзағай ойнайды.
2024 жылы 3-6 сәуір аралығында Ақтөбе облысындағы өзен бассейндерінің жоғарғы жағынан мол судың түсуіне байланысты Атырау облысының Ембі өзені бассейнінде су деңгейінің күрт көтерілуі мүмкін екені болжанады. Ембі өзенінен Аққызтоғай ауылына дейін су деңгейінің қауіпті деңгейге дейін, тіпті одан әрі көтерілуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, өңірдің оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Түнде және таңертең Таразда тұман түседі. 5 сәуірде түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!