Фото: depositphotos.com

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астана – Нью-Йорк тікелей әуе рейсі қашан іске қосылатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ұшақтарды сатып алу бойынша тиісті келісімшартқа қол қойылған.

«Қателеспесем, бір жыл бұрын Air Astana 2 Boeing, 2 Dreamliner ұшағын (сатып алу) бойынша келісімшартқа қол қойды. Қазір сол рейстерді күтіп отырмыз», – деді Талғат Ластаев.

Вице-министрдің сөзіне сенсек, Boeing тапсырысты орындап үлгере алмай жатыр.

«2025 жылдың соңына дейін осы ұшақтар жеткізілуі керек деген жоспар бар. Үлгерсек, келесі жылы (рейстерді іске қосамыз). Себебі, бүгінде Boeing компаниясы жаңа ұшақтарды жасап үлгермей жатыр. Кешіксек, 2026 жылы АҚШ-қа тікелей ұшатын рейстер (іске қосамыз). Air Astana осы ұшақтарды тек өз қаражаты есебінен сатып алуды жоспарлап отыр», – деді министрдің орынбасары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!