Фото: Report
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, аталған ақылы жолдан тәулігіне 5 мыңдай автокөлік өтеді. Екі аралық 375 шақырымды құрайды, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағында 188 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 283 адам жарақат алған. Ал өткен жылдың дәл осы кезеңінде тәртіп сақшылары 234 апатты тіркепті (13 адам опат болып, 323 адам зардап шеккен).
– Облыста биыл қысқы кезеңдегі жол-көлік оқиғалары шамамен 20%-ға азайғаны байқалды. Бұған жыл басында Астана бағытындағы тасжолда жылдамдықты сағатына 110 шақырымға дейін шектеудің енгізілуі өз септігін тигізді, – деп мәлімдеді департаменттен.
Алайда ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған деректер басқаша өрбиді. Ведомство ақпаратында керісінше апаттар саны жиілегені көрсетілген.
– Биылғы қыс айларында Астана-Павлодар автожолында 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда екі есе көп. Автобан ақылы. Оның ішінде 24 км (230–254 км аралығы) бөлігі пайдалануға берілмегендіктен, ақы алынбайды. Тәулігіне шамамен 5 мыңдай автокөлік жүріп өтеді, – деп хабарлады Kazinform тілшісіне министрліктің баспасөз қызметінен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!