лордада балконнан құлап қайтыс болған қызға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тұран даңғылындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлаған 2005 жылы туған елорда тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, полициядан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы мен өзге де деректері жария етуге жатпайтыны туралы ескертілді.

Еске сала кетсек, елордада осыған дейін балаларға қатысты бірнеше қайғылы факті болды.

21 қыркүйекте Астанада оқушы жоғарғы қабаттан секіріп мерт болған еді.

Ақпаратта айтылғандай, 2023 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылған.

Одан бөлек, 25 қыркүйекте Астана қаласындағы №14 мектеп-гимназияның оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатып баспалдақтан құлап кеткен болатын.

Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем шақырылды. Қазіргі уақытта бала ауруханада ем алып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!