Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Астанада туыстары 2020 жылдан бері іздеу салған 48 жастағы ер адам табылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүргендерді табуға бағытталған «Қаңғыбас» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Рейд барысында әртүрлі қылмыстар үшін іздеуде жүрген төрт қылмыскер, сондай-ақ құқық бұзушылық жасады деген 6 күдікті ұсталды. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен 3 адамның орналасқан жері анықталды. Олардың арасындағы бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған.
«Төрт жыл бойы туыстары оның оралуынан үміт үзбеген 48 жастағы ер адамның оқиғасы назар аударуға тұрарлық. Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты» – делінген Астана ПД инстаграм парақшасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!