Желіде Назарбаев әуежайындағы бекетте тұрған ЛРТ вагондарының суреттері пайда болды. Вагондардың сыртына граффити салынған. City Transportation System компаниясы жағдайға пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салу дерегі тіркелгенін растады.

Астанада белгісіз біреулер ЛРТ вагондарын бүлдіріп кеткен
Астанада белгісіз біреулер ЛРТ вагондарын бүлдіріп кеткен

«Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді СTS өкілі.

Вагондардағы граффити өшіріле бастаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!