Фото: adyrna.kz
Астана қаласындағы көпірлердің бірінде үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды. Видео авторлары көпірде 8 көлік соқтығысты деп мәлімдеген. Елордалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оқиға 20 сәуірде болғаны белгілі болды.
«Тұран даңғылы 2/1 мекен-жайындағы үйден шығып БМВ көлігін басқарып келе жатқан 30 жастағы жүргізуші жолда кедергі пайда болған кезде тізгінге ие бола алмай, Toyota Hilander және Mazda көліктерімен соқтығысқан», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүріп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!