Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-мен жол жүру құны қанша болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде әкім LRT-мен жол жүру құны әлі нақты анықталмағанын айтты.

«Жоба бойынша бағалар 100-ден 200 теңгеге дейін болды, әзірге осы параметрлерде қалады», – деді Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы алғашқы LRT станциясының видеосы пайда болды.

Астана халықаралық әуежайы аумағындағы Қабанбай батыр даңғылында орналасқан 101-станцияның ішінде эскалаторлар мен интерактивті экрандар бар, ал ол арқылы елорданың кадрлары көрсетіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!