Sputnik. Астанада LRT пойызын сынақтан өткізу басталды.
LRT пойызының жүріп бара жатқан сәті түсірілген видео желіде тарады.
Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қыркүйек соңында LRT тестік режимде іске қосылатынын мәлімдеген еді.
«Желтоқсанның соңына, қаңтардың ортасына қарай барлық пойыз тестік режимде жүреді», – деп атап өтті әкім.
Сынақ үш айдан алты айға дейін созылады. Қазан айында 8 пойыз, ал желтоқсанға дейін толығымен 18 құрам жеткізіледі. 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін LRT толық іске қосылмақ.
Жол жүру ақысы 200 теңге болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
