Астанада LRT жылжымалы құрамы сынақтық пайдалану кезінде 80 км/сағ ең жоғары жылдамдықпен қатынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, LRT желісін сынақтық пайдалану аясында «Әуежай» стансасынан «Нұрлы жол» стансасына дейінгі учаскеде жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның жоспарлы сынақтары жүргізіліп жатыр.

«Жүргізілген сынақтар қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелерінің белгіленген режимде дұрыс жұмыс істейтінін растады», делінген хабарламада.

LRT-да жол ақысы 200 теңге болуы мүмкін

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!