Фото: depositphotos.com

Астанада 6 шілдеде 39 сәби дүниеге келген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 6 шілдеде түнгі сағат 00:00-ден түскі 12:00-ге дейін елордада 39 нәресте дүниеге келген. Олардың 22-сі – ұл, 17-сі – қыз.
Жүкті әйелдер №3 көпбейінді аурухана, №2 көпбейінді аурухана, Перинаталдық орталық, сондай-ақ «Рахат» және өзге де жекеменшік клиникаларда босанған.

Дүниеге келген сәбилер мен аналардың жағдайы жақсы, барлығы қажет медициналық күтіммен қамтамасыз етіліп жатыр.

Дәрігерлер бұл күннің ерекше маңызын айтып, дәл осы күні дүние есігін ашқан әрбір сәбиді отбасына берілген баға жетпес сыйлық әрі қала күнімен тұспа-тұс келген жаңа өмірдің нышаны деп бағалайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!