SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың соңына дейін Астана көшелерінде Біріккен Араб Әмірліктерінің Presight компаниясы өндіретін 20 мыңнан астам бейнебақылау камерасы пайда болады.
Бұл жаңалықты қала әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа құрылғылар жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған. Олар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеумен қатар, көлік қозғалысын нақты уақытта талдай алады.
Камераларды орнату жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, сол айда жүйе толық іске қосылады деп жоспарлануда.
Әкімнің айтуынша, Presight камералары қаладағы қазіргі бейнебақылау жүйесін толықтырып, бақылау аумағын айтарлықтай кеңейтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!