Алайда 32 жастағы такси жүргізушісі телефон қорабын ашып, басқа адамға сатып жіберген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Астанадағы «Сарыарқа» аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға қымбат бағалы заттарды сеніп тапсыра бермеуді ескертеді. Құнды тауарларды тек ресми жеткізу қызметтері арқылы немесе жеке бақылаумен беру ұсынылады», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!