Фото: Pexels

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы және қалалық мәдениет басқармасына қатысты тергеуді аяқтады, деп жазады KAZINFORM.

Нәтижесінде екі басқарманың әрекетінен шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына орын бөлу кезінде Қазақстанның бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды.

Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды № 120 және № 122 орналастыру қағидаларына сәйкес, мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру алгоритмі алдымен қызмет көрсетушілерді іріктеуді, содан кейін орындарды шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына бөлуді міндеттейді.

Алайда, 2023 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің мәдениет және спорт басқармалары алдын ала іріктеусіз бұрын іріктелген қызмет көрсетушілерге тегін үйірмелер мен секцияларға бару үшін кезек ашқан.

Осылайша мәдениет және спорт басқармалары жоғарыда аталған іс-қимылымен мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру тәртібін сақтамауына байланысты кәсіпкерлердің мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізуін шектеген.

Бүгінгі таңда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты дене шынықтыру және спорт, мәдениет басқармаларының департамент атына түсірілген әкімшілік талабын қанағаттандырмады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!