Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Астанада LRT эстакадасында асылып тұрған ер адам табылды. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы WhatsApp арқылы қала тұрғындары арасында тарап жатыр. Полиция қайғылы оқиғаны растады, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«102 арнасына Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс объектісінде асылып тұрған адам туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 38 жастағы марқұмның жеке басын анықтады. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мән-жайлар анықталып жатыр», – деп түсіндірді Астана Полиция департаменті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!