Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Мәжіліс депутатттарының сауалына берген жауапта баласынан алимент өндіріп алуға құқығы қарттар жайлы айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Неке, ерлі-зайыпты және отбасы туралы» кодекске сәйкес еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндеттеледі. Қамқорлық жасалмаған жағдайда балаларынан сот тәртібі арқылы алимент өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте, алимент жеке тұлға мен қарт адамның жеке шешіміне байланысты өндіріледі», – дейді Көшербаев.

70-жастан асқан қарт адамдардың жылжымайтын мүлкін басқа адамның атына рәсімдеуге тыйым салуға қатысты Конституцияға сәйкес ел азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауға құқығы бар және соттың шешімісіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!