New Balance Athletic, Inc. компаниясы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгініп, олардың тауар белгісін заңсыз пайдаланған азаматты үшін жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот екі тарапты татуластыру үшін арнайы шаралар жүргізген. Сотта тараптар келісімге келіп, бітімгершілік шарт жасалды. Осы келісім бойынша жауапкер америкалық арызданушыға 200 000 теңге өтемақы төлеп, New Balance компаниясының белгісі салынған тауарларды жоятын болды.

Бітімгершілік келісімді сот бекіткен соң, іс ары қарай қаралмай, тоқтатылды.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!